Қазақстанда медициналық колледждердің білім беру сапасына жоспарлы тексеріс жүріп жатыр. Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері бастаған бақылау жұмыстарының нәтижесінде бес оқу орны қаралса, оның үшеуінің лицензиясы уақытша тоқтатылған. Тағы екі колледжге айыппұл салынды, деп хабарлайды Juzmedia.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, тексеріс колледждердегі оқытушылардың біліктілігін, оқу процесінің техникалық жабдықталуын, оқу бағдарламаларының орындалуын және санитарлық талаптардың сақталуын қамтыған. Лицензиялық талап бұзылған жағдайда оқу орнына заңға сәйкес шара қолданылатыны ескертілді.
Жалпы елде 94 медициналық колледж бар. Қазір тексерістер 13 оқу орнында жоспарланған. Талдау қорытындысы бойынша әр өңірге арналған ұсыныстар әзірленбек. Бұған дейін министрлік медициналық колледждерге түсу үшін қабылдау емтиханы енгізілгенін хабарлаған.