Қарағанды облысында жаңа салынып жатқан зауытта жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz тілшісі CMN.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болды.
«Мердігер компанияның жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі департамент комиссия құрып, полиция қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
«Салынып жатқан Qaragandy Power Silicon зауытындағы қайғылы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.