homepage
Фото: polisia.kz

Ақсай өзеніне құлаған әйелді учаскелік полицейлер құтқарып қалды

09.07.2025, 18:45

Алматы облысында учаскелік полиция инспекторлары өзенге құлап кеткен 59 жастағы әйелді ажалдан аман алып қалды. Әйел аяғы тайып, Ақсай өзенінің арнасына құлаған, ағыс қатты, жар тік болғандықтан өз бетімен шыға алмаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға Қарасай ауданы Абай ауылында болған. Көмекке шақырған дауыс естілген бойда тұрғындар полицияға хабар берген. Шақырту бойынша келген учаскелік инспекторлар Әмірбек Бөбекбай, Мақсат Әбдірайымов және Ахан Ахметов өзен жағасында бұтаққа жабысып тұрған әйелді байқаған. Аға лейтенант Бөбекбай арқанмен төмен түсіп, жәбірленушіні бекітіп, әріптестерімен бірге жоғарыға шығарып алған.

Әйел ешқандай жарақат алмаған. Ол полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен жылдам көмегі үшін алғыс айтты. Тәртіп сақшылары ағысы қатты, жағасы тік өзен-көлдер маңында аса сақ болуға шақырды