Қарағанды облысында жол құрылыс материалдарын дұрыс сынамаған зертхана ұсталды. Ол бекітілген тәртіп бойынша емес, өзге құжатқа сүйеніп тексеру жүргізген. Салдарынан зертхананың жұмысы 6 айға тоқтатылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Центргеоланалит» атты зертхана жолдың бетон өзегін тексеру кезінде заңда көрсетілмеген әдісті қолданған. Бұл бұзушылықты прокуратура анықтаған.
Кейін Техникалық реттеу департаменті әкімшілік іс қозғап, мекемеге 3,6 миллион теңге айыппұл салған.