homepage
AP nuotr.

Трамп Путинге «Мәскеуді жарып жіберем» деп қоқан-лоққы жасағанын мойындады

09.07.2025, 13:50

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылы өзінің сайлауалды науқанындағы донорлармен кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путинге соғыс басталған жағдайда Мәскеуге соққы жасайтынын ескерткен. Бұл туралы CNN арнасы жариялаған аудиожазбаларда айтылады деп хабарлайды Juzmedia.

CNN дерегінше, Трамп Путинге: «Егер Украинаға кірсең, Мәскеуді жарып жіберем. Менің басқа амалым жоқ!» деген. Оның айтуынша, Путин бастапқыда сенбегенімен, бұл сөзге «он пайыз сенген».

Аудиожазбалар 2024 жылы Нью-Йорк пен Флоридада өткен жабық кездесулер кезінде жазылған. Сондай-ақ Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинге де Тайваньға шабуыл жасаса, Бейжіңге соққы беретінін ескерткенін айтқан.

Бұл мәлімдеме Трамптың Путинмен қарым-қатынасына қатысты бұған дейін айтылған көзқарастардан едәуір қатаң риторикасымен ерекшеленеді. Бұған дейін The Washington Post бұл туралы жазған, бірақ CNN нақты дыбыс жазбасын алғаш рет жариялап отыр.