homepage
Фото: anhor.uz

Жамбылда инвестордің жұмысына кедергі келтіргені үшін шенеунік жауапқа тартылды

09.07.2025, 11:33

Байзақ ауданында туристік нысанға апаратын жол жөнделмей қалған соң, кәсіпкер инфрақұрылымнан қағылды. Прокуратура араласқаннан кейін ғана мәселе шешіліп, жауапты шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2024 жылы «Алмалы resort» этно-туристік демалыс аймағының иесі жергілікті атқарушы органнан жолды орташа жөндеуді сұрағанымен, өтініші жауапсыз қалған. Кейін уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды жариялағанымен, қаражаттың қайтарылуына байланысты конкурс тоқтатылған.

Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана мәселе қозғалып, 2025 жылдың сәуірінде жергілікті билік жол салуға қаражат бөлді. Жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұл шара инвестордың жобасын жүзеге асыруына мүмкіндік беріп, өңірге жаңа жұмыс орындары мен салық түсімдерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, туризмді дамытуға серпін беруі тиіс.