Елімізде 15 сәуірден бері өтіп жатқан "Таза Қазақстан" акциясы аясында 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталып, соның 1 256-сы жойылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірге рейдтер өткізіп, қалдықтарды заңсыз төгу фактілерін тіркеп жатыр. Әкімдіктерге 1 500-ден астам ұсыныс жолданған. Сонымен қатар тұрғындар мен мекемелерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 480 мыңнан астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Таза Қазақстан" аясындағы шаралар әлі де жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары экологияны бүлдіргендерге қатысты нақты шаралар қабылданатынын ескертеді.