homepage

БҚО-да жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды

Juzmedia. kz
03.11.2024, 11:26

Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен.

«Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне әкеп соққан. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады», - делінген хабарламада.

Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алып жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.