Қазақстан құрамасы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орын алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауы бойынша, әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында бес жас қазақстандық оқушы екі кезеңдік жарыста – теориялық және эксперименттік турлар бойынша – жоғары нәтиже көрсетіп, елге жалпы он марапатпен оралды.
Күміс медаль иегерлері:
– Роман Черемнов, Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы
– Таир Әбдіқадыр, Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы
– Альтаир Ақанов, Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы
– Ильяс Қазымбек, Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы
Қола медаль иегері:
– Даниэль Тюлюбаев, Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы
Теориялық кезеңде де қазақстандықтар үздік атанды.
1-дәрежелі диплом алғандар: Роман Черемнов пен Ильяс Қазымбек
2-дәрежелі диплом алғандар: Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр және Альтаир Ақанов
Оқушыларды жарысқа дайындаған жетекшілер: Самат Мақсұтов (PhD, CDU доценті) және Назарали Айтжанов (CDU магистрі).