Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға арналған екі жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.
Бағдарламалар Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген. Жалпы қаржыландыру көлемі — 100 млрд теңге.
50 млрд теңге ірі қара және ұсақ малдың асыл тұқымды тұқымын сатып алуға бөлінеді. Бұл бағыттағы несие ұзақмерзімді әрі жылдық мөлшерлемесі небәрі 5% болады.
Тағы 50 млрд теңге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл да 5%-дан аспайтын жылдық мөлшерлемемен беріледі.