homepage

Мемлекет басшысы Сербия президентіне көңіл айтты

Juzmedia. kz
03.11.2024, 11:09

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

 

Еске салайық, Сербияның Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың бетон қалқасы құлап, 14 адам қаза тапты. Сербия билігі сенбіні Аза тұту күні деп жариялады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.