homepage
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанда бразилиялық автобустар құрастырылуы мүмкін

07.07.2025, 10:15

Бразилиялық Marcopolo компаниясы Қазақстанда жолаушылар автобустарын құрастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Бразилияға жұмыс сапары барысында Marcopolo вице-президенті Мауро Гилберто Беллинимен өткен кездесу кезінде талқыланды. Тараптар автобус өндірісін локализациялау және Қазақстанда көлік жинау жобасы аясындағы ықтимал серіктестік жолдарын сөз етті.

Marcopolo — жолаушылар автобустарын шығаратын ірі халықаралық компания. Тараптар жобаны жүзеге асыруға қажетті техникалық және өндірістік жағдайларды бірге зерттеуге келісті.