Қазақстан мен Бразилия бейбіт атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бразилияға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бразилиялық Amazul мемлекеттік қорғаныс-өнеркәсіптік компаниясының президенті Ньютон де Алмейда Кошта Нетомен кездесті. Кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясымен тікелей байланыс орнату мәселесі көтерілді. Тараптар бейбіт атом саласындағы өзара іс-қимыл механизмдерін пысықтау жөнінде өзара түсіністікке келді.
Amazul – ядролық технологияларды бейбіт мақсатта дамытуға маманданған Бразилияның мемлекеттік компаниясы. Ал Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр. Осы саладағы ықпалдастық екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге жол ашары сөзсіз.