homepage
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Embraer Қазақстанда авиациялық техникалық қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін

07.07.2025, 09:17

Бразилиялық авиациялық компания Embraer Қазақстанда авиациялық техникалық қызмет көрсету (MRO) орталығын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе Бразилияға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Embraer авиақұрылыс корпорациясының президенті Франциско Гомес Нетомен кездесуінде талқыланды.

Сапар аясында Мұрат Нұртілеу Бразилияның бірқатар жетекші өнеркәсіптік бірлестіктері мен ірі корпорацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Айта кетейік, Embraer — коммерциялық, әскери және әкімшілік мақсаттағы ұшақтар өндіретін әлемдік авиациялық холдинг. Компанияның Defence & Security бөлімшесі мен техникалық қызмет көрсету бағдарламалары әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде жаңа нарықтарда кеңейіп келеді.