Атырауда Жайық өзеніне секіріп кеткен әйел адамды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды Juzmedia.
Оқиға Атырау қаласындағы Жилгородок көпірінде болған. Куәгерлер жағдайды дереу құтқару қызметіне хабарлайды. Ал жағада жүрген екі азамат әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, суға түсіп, оны суға батырмай ұстап тұрған. Осы сәтте сол маңда рейд жүргізіп жүрген төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жетіп, үшеуін де жағаға алып шықты.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.