homepage
Фото: Actual Today

Алакөлге баратын жолдың бойы ұзақсонар кептеліс

06.07.2025, 15:20

Жаз басталғалы Алакөлге барушылардың легі күрт артып, Алакөлге баратын жол бойындағы Ақши ауылы маңында ұзақсонар кептеліс пайда болды - деп хабарлайды Juzmedia.

Kozachkov offside тelegram арнасы оқырмандары жіберген видеомен бөлісіп, онда Алакөлге апаратын жол бойындағы Ақши ауылы маңында көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылып жатқанын көрсеткен.

Демалуға асыққан жұрттың кейбірі қарсы бағытқа шығып, теміржол өткелін де жауып тастаған. Соның салдарынан көлік қозғалысы мүлдем баяулаған.

Бұл уақытта Алматыдан Алакөлге баратын пойызға билет табу қиын, ұшаққа да орын жоқ. Ел ішінде туризмді дамыту туралы жиі айтылғанымен, шын мәнінде, жол қатынасы әлі де қымбат, қолжетімсіз әрі ыңғайсыз күйінде қалып отыр – дейді Kozachkov offside тelegram арнасы