Астана күніне орай елорданың әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 1 566 566 адам тұрады. Соның ішінде 823 766 адам — әйелдер, 742 800 — ер адамдар. Биылғы бірінші тоқсанда елордада 6 025 сәби дүниеге келіп, 1 914 неке тіркелген.
Қала тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 78,52 жыл. Елордада 14 жоғары оқу орны, 10 театр мен 7 мұражай жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 мыңнан асты.
Сонымен қатар, Қазақстанда ресми түрде «Астана» есімді 24 адам бар.