Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта Елбасының жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаудағы тарихи рөлі атап өтілді. Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы үлесін жоғары бағалап, ел астанасын көшіру жөніндегі шешімнің мемлекеттің экономикалық және халықаралық дамуына ықпал еткенін айтты.
Президент жеделхат соңында Тұңғыш Президентке денсаулық пен амандық тіледі.