6 шілде күні елордада Астана күніне арналған ұлттық спорт шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Juzmedia.
Күндіз сағат 13:00-де «Қазанат» атшабарында бәйге түрлерінен өтетін дәстүрлі «Елорда Кубогының» салтанатты ашылуы жоспарланған. Шараға еліміздің әр өңірінен келген үздік шабандоздар қатысып, аламан бәйге, топ бәйге сынды жарыс түрлерінде бақ сынайды.
Ал сағат 16:00-де елорда іргесіндегі «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің ашық алаңында республикалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді. Бұл жарыста күш атасы – қазақ балуандары жүк көтеру, тас лақтыру және өзге де ұлттық спорт түрлерінде өзара мықтыны анықтайды.