homepage
Фото: egemen.kz

Профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылуы мүмкін

05.07.2025, 12:08

Белгілі PR маманы Айбар Олжаев Facebook парақшасында ардагер журналист, профессор Кәкен Қамзиннің қартайған шағында алаяқтарға алданып, жалғыз баспанасынан айырылып қалу қаупі төніп тұрғанын жазды, деп хабарлайды Juzmedia.

Айбар Олжаевтың айтуынша, алаяқтар алғашында өзін коммуналдық қызмет өкіліміз деп таныстырып, оның мекенжайы мен жеке деректерін білген. Кейін "ҰҚК қызметкерлеріміз" деп хабарласып, пәтерін біреулер тартып алмақ деген желеумен тез арада сатуға көндірген. Ақшаны "Ұлттық банктің арнайы шотына уақытша саламыз" деп сендіріп, үйін нотариус арқылы сатқан соң, қаражатты курьер арқылы алып кеткен.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

“Дәл қазір Кәкен Қамзин жалғыз, үйінде баррикада құрып бекініп жатыр. Пәтерді сатып алғандар кешке, түнде келіп қоқан-лоққы көрсетуде. Іс насырға шауып барады” – деп дабыл қақты Айбар Олжаев.