homepage
Фото: zakon.kz

Үкімет: Базарларға жаңғырту жұмыстары жүргізілмесе, жауапқа тартылады

04.07.2025, 15:37

Сауда және интеграция министрлігі елдегі базарларды жаңғырту жұмыстары баяу жүріп жатқан өңірлерге шұғыл шара қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.

Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2026 жылдан бастап жаңғыртылмаған базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. Алайда Астана қаласы, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстары жаңғыртуда артта қалып отыр. Министр бұл өңірлердің жағдайын жеке қарауға мәжбүр болғанын айтты.

Министрлік қазіргі таңда 46 базарда жаңғырту жүріп жатқанын хабарлады. Дегенмен кей жерлерде құрылыс әлі басталмаған. Себеп ретінде жобалық құжаттардың ұзақ келісімі мен инженерлік желілерге қосылу қиындықтары аталды. Шаққалиев барлық өңірдегі жұмыстың барысы жеке бақылауда екенін айтты.

Сонымен қатар жаңғырту кешенді өзгеріс әкеліп, көлеңкелі экономиканы азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Оның сөзінше, тек 2024 жылдың өзінде бюджетке қосымша 1,3 млрд теңге түскен.