homepage
Фото: iStock/Кристина Рэдклифф

Пәтерге кіріп кеткен жарғанат үшін құтқарушыларды шақырған

04.07.2025, 11:45

Жезқазған қаласында жоғарғы қабаттағы пәтерге кіріп кеткен жарғанатты Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы арнайы құралдармен ұстап алды, деп хабарлайды Juzmedia.

Оқиға Жеңіс көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Жарғанат пәтер ішінен шыға алмай, тұрғындар ТЖМ-ге хабарласыпты. Шақырту орнына жеткен құтқарушылар жануарды арнайы құралмен залалсыздандырды.

ТЖМ тұрғындарды жарғанат ұшып кірген жағдайда тікелей жанасудан аулақ болуға, балалар мен үй жануарларын оқшаулауға және қажет болса арнайы мамандарды шақыруға кеңес береді.