homepage
Фото: UKIMET

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық транзиттік хабқа айнала ма?

04.07.2025, 11:28

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтып өтті. Аталған мақсатта 2026 жылдың соңына дейін халықаралық деректер тарату үлесін ұлғайту жоспарланған.  транзиттік әлеуетті арттыру үшін Транскаспий магистралі мен «Батыс – Шығыс» гипермагистралі салынып жатыр.

Жобалар ел аумағы арқылы өтетін деректер ағынын көбейтіп, Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымдағы стратегиялық маңызын нығайтуға бағытталған. Жобаға бөлінген қаржы көлемі 30,7 млрд теңгені құрайды.