homepage
Фото: ulysmedia.kz

Астанада шетелдіктерді заңсыз тіркегендер ұсталды

03.07.2025, 16:20

Астанада оқу орнында шетелдіктерді заңсыз тіркегендер ұсталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елордалық оқу орындарының бірінде қызметкерлер жалған оқу шақыруларын рәсімдеу арқылы алыс шетел азаматтарын заңсыз тіркеген. Олар 68-ден астам шетелдікке жалған құжат берген. Оқу процесі қағаз жүзінде ғана ұйымдастырылып, студенттер нақты сабаққа қатыспаған. Осы негізде олар елге кіріп, заңсыз жұмыс істеген.

Бұдан бөлек, арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жалған құжат жасап, шетел азаматтарына уақытша тұру рұқсаттарын заңсыз рәсімдеген тағы бір күдікті ұсталды. Тінту кезінде медициналық бланктер, мөрлер мен электронды тасымалдағыштар тәркіленді.

Қазір бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері осындай сегіз заңсыз көші-қон арнасы анықталған.