Алматы облысында алқабилер соты Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қарым Көкірекбаевты аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сонымен бірге, оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер ұйымның директоры Андрей Поплавский 11 жылға сотталды. Үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, Поплавский шенеуніктерге нақты орындалмаған жұмыстар бойынша актілерге қол қою үшін ақша берген. Жұмыстар мүлде жүргізілмеген. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 2 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.