2025 жылдың алғашқы бес айында балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстар 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға азайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ауыр қылмыстар 8%-ға, аса ауыр қылмыстар 19%-ға қысқарған. Бір жыл ішінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 58 нысанда тексеру жүргізіп, 1500-ден астам баланың құқығы қалпына келтірілді. 24 ұйым басшысы әкімшілік, 78 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
2025 жылдың басынан бері өңірлік психологиялық қолдау орталықтары 50 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен. Оның ішінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен ата-аналар да бар.