Қазақстанда колледждер туралы бірыңғай цифрлық карта іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2025 жылдың шілдесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жаңа интерактивті карта іске қосылады. Бұл платформа елдегі колледждер туралы барлық деректі бір жүйеге біріктіріп, оқушылар мен ата-аналарға, сондай-ақ білім саласындағы шешім қабылдайтын органдарға қолжетімді етеді.
Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен әзірленіп жатыр. Жаңа картада колледждердің саны, жатақхана мен спорт залдардың болуы, даярлық бағыттары, оқытушылар мен студенттер туралы деректер өңірлер мен нақты оқу орындарына бөлініп беріледі.
Платформаның пилоттық нұсқасы map.talap.edu.kz/map мекенжайында қолжетімді.