homepage

Сербияда вокзалдың бетон шатыры опырылып, 14 адам мерт болды

Juzmedia. kz
02.11.2024, 15:15

Сербияның Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың бетон қалқасы құлап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

BBC агенттігінің жазуынша, Сербия билігі сенбіні Аза тұту күні деп жариялады.

«Қайғылы жағдайдан 14 адам қайтыс болды, бұл соңғы сан деп үміттенеміз. Қаза тапқандардың ішінен бес адамның жеке тұлғасын анықтай алмадық», - деп мәлімдеді ел президенті Александр Вучич.

Шатырдың бетоннан жасалған қалқасы 1 қарашада, жергілікті уақыт бойынша түске таман вокзал сыртындағы орындықтарда отырған адамдардың үстіне опырылып құлап түскен.

«Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, олардың бірінің аяғын кесуге тура келді. Үйінділер астында тағы екі адам қалды, олардың арасында бір қыз бала бар. Зардап шеккендер саны әлі де өсуі мүмкін», - деді елдің Ішкі істер министрі.

Іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 80 адам мен ауыр техника қатысқан.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.