Қазақстанда Жасанды интеллект кеңесі құрылып, суперкомпьютер іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) штаб-пәтерін ашу рәсімінде елімізде Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрылғанын мәлімдеді.
Сонымен бірге, жақын арада қуатты суперкомпьютер іске қосылады. Тоқаевтың сөзінше, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар — Қазақстанның цифрлық дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі.