homepage
Фото: Ақорда

Президент көші-қон құрылымын қайта құруды тапсырды

03.07.2025, 09:47

Президент көші-қон жүйесіндегі ақпараттық платформаларды біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені біріктіріп, деректерді толық интеграциялауды тапсырды. Бұл шешім көші-қон процесін бақылауды күшейтіп, заңсыз көшу тетіктерін азайту үшін қабылданды.

Сондай-ақ көші-қонға жауапты мемлекеттік органдардың міндеттері қайта қаралады. Президенттің айтуынша, көші-қон саясаты геосаяси жағдай, демография және көшу себептерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Үкімет енді осы талаптарға сай жаңа функционалдық модель әзірлеуге кірісуі керек.