2025 жылдың басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы автожолдарын 32 миллионнан аса рет пайдаланған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 4760 шақырымы — ақылы. Ел аумағында барлығы 25 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың 12-сі — І техникалық санаттағы, ал 13-і — ІІ және ІІІ санаттағы жолдар.
Жүк және жеңіл көліктер жиі қатынайтын бағыттар қатарында Алматы – Қонаев (5,1 млн), Шымкент – Өзбекстан шекарасы (4,4 млн), Шымкент – Тараз (2,9 млн) және Астана – Теміртау (2 млн) жолдары бар.
Ақылы жолдар көлік қозғалысын жылдамдатып қана қоймай, қалалар мен көрші елдер арасындағы тасымал мен туризмге серпін беріп отыр.