2024 жылы медициналық авиация желісі арқылы жарақаттан зардап шеккендерге 536 мәрте ұшу жасалып, 747 адам дер кезінде медициналық көмек алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ауыр халдегі науқастарды республикалық және облыстық клиникаларға жеткізу үшін 527 тасымалдау ұйымдастырылған. Сонымен қатар 46 жағдайда операция тікелей оқиға орнында жасалған. Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары 183 телемедициналық консультация өткізген.
Жарақаттар бойынша жедел жәрдемге 741 мыңнан астам шақырту түссе, соның 47 мыңға жуығы жол апатына байланысты болған. Қалаларда жедел жәрдем орта есеппен 8 минутта, ауылда 9 минутта жетеді. Бұл көрсеткіш дамыған елдердегі орташа уақытпен шамалас.
Мамандардың айтуынша, адам жарақат алған соң алғашқы 60 минут ішінде көрсетілген көмек – өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады. Қазақстанда зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу уақыты орта есеппен 35 минутты құрайды. Бұл шұғыл көмек көрсетудегі «алтын сағат» шегіне сәйкес келеді.