Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған eGov Business қосымшасы жаңартылды. Енді бұл қосымша жай қызметтер жиынтығы емес, жеке кәсіп бастау мен оны толық басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформаға айналды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қосымшада ЖШС немесе ЖК тіркеу, салық күнтізбесі, лицензия және филиал деректері, сенімхат рәсімдеу, алдағы тексерістер туралы алдын ала ескерту жүйесі біріктірілген. Бұған қоса, жасанды интеллектке негізделген кеңесші-чат-боттар кәсіпкерге нақты ұсыныстар береді.
Барлығы — бір қосымшада, бір терезе қағидатымен. Қазір онда 32 қызмет қолжетімді. Мемлекет пен кәсіпкер арасындағы барлық негізгі операция цифрлық форматқа көшірілді.
Жаңартуды ҚР Цифрлық даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» палатасы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жүзеге асырған.