homepage
Фото: 24KZ

Қазақстандағы жалғыз ұшақ жөндеу зауыты тоқтағалы тұр

02.07.2025, 09:43

«Қазақстандық авиациялық индустриясы» ЖШС-нің жұмысы биыл ақпаннан бері іс жүзінде тоқтап тұр деп хабарлайды juzmedia.kz.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі бірегей кәсіпорынның есепшоттары бұғатталып, қызметкерлердің 85%-дан астамы мәжбүрлі демалысқа жіберілген. Жалақы төленбеген, ал өндірістік процестер толық тоқтау алдында тұр.

Соңғы айларда зауыттан 144 адам жұмыстан кеткен. Олардың ішінде шетелде даярлықтан өткен 64 білікті маман да бар. Ангарда тұрған алты ұшақтың төртеуі — Су-25 үлгісіндегі әскери ұшақтар — соңғы бес жылда мүлде қозғалыссыз қалған.

Сондай ахуалға қарамастан, 2024 жылы зауыт бірқатар маңызды жұмысты атқарған. Әскери авиацияға қозғалтқыштар жөндеп берген, ШЫҰ саммитіне қазақстандық авиацияның қатысуын қамтамасыз еткен, сондай-ақ шетелден қосалқы бөлшектер жеткізген.