Алматы облысына қарасты екі елдімекенде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 минутта тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.
«Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құрады: Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар)», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.