homepage
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЖОО-ға түсуге құжат қабылдау басталып, шекті баллдар бекітілді

02.07.2025, 11:15

2025–2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарына құжат қабылдау ресми түрде басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер 13–20 шілде аралығында білім беру гранты конкурсына және ақылы негізде оқуға өтініш бере алады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжаттар egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университет жанындағы қабылдау орталықтарында қабылданады.

Министрлік бекіткен шекті баллдар келесідей:
– «Құқық» және «Педагогика» бағыттары – кемінде 75 балл,
– «Медицина» бағыты – кемінде 70 балл,
– Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл,
– Басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл,
– Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне – кемінде 50 балл.

Айта кетейік, әр университет грант конкурсы мен ақылы оқу үшін өз шекті баллдарын белгілеуге құқылы.

Биылғы қабылдау науқаны бірқатар жаңалықтармен ерекшеленеді:
– «Цифрлық университет» қағидаты жалғасуда, үдерістердің көпшілігі автоматтандырылған,
– Техникалық және IT мамандықтарға қосымша гранттар бөлінген,
– Ауыл мектептерінің түлектері мен әлеуметтік осал топтарға квоталар қарастырылған.

Министрлік талапкерлерді барлық процесті онлайн жүргізуге шақырып, қабылдау ережелерімен мұқият танысуды ескертеді. Толық ақпарат министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында жарияланған.

Теги: