homepage
Фото: zhaoo.kz

Көрсетілмеген қызмет ақысын қайтармай қойған оқу орталығы соттан жеңілді

01.07.2025, 14:47

Ақтау қаласындағы жекеменшік оқу орталығы 14 ата-анаға жалпы 5,5 миллион теңге қайтаруға міндеттелді деп хабарлайды juzmedia.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Ата-аналар балаларын ақылы курсқа жазып, толық немесе жартылай төлем жасаған. Бірақ әртүрлі себеппен балалар оқуға бармай қалған. Соған қарамастан, орталық көрсетілмеген қызмет үшін ақшаны қайтармаған

Алғашқы шағымнан кейін тағы да дәл осындай мазмұнда 13 арыз түсіп, мәселенің жалғыз емес, жаппай сипат алғаны анықталды. Ата-аналардың кейбірі келісімшарт та жасамаған – ақшаны сеніп берген.

Маңғыстау облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бұл істі сотқа жеткізіп, барлық тұтынушының құқығын бірігіп қорғады. Сот олардың талабын қанағаттандырып, оқу орталығына барлық соманы қайтаруды және 55 мың теңге сот шығынын төлеуді міндеттеді.