Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл 500 мыңнан астам ауыл тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы ол 1 шілдеде Үкімет отырысында баяндады деп хабарлайды
Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 6 322 ауыл бар. Соның ішінде 6 026 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бірақ оның 1 141-і талапқа сай келмейді, ал 296 ауылда мүлде ауызсу жүйесі жоқ. Яғни жалпы саны 2 мыңнан астам ауылда ауызсу мәселесі әлі де өзекті.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен 482 жобаны іске асыру көзделген. Соның нәтижесінде 514 мың ауыл тұрғыны таза ауызсуға қол жеткізбек.
Сондай-ақ министр биыл су саласындағы ұлттық жобалар қайта қаралатынын, ал жаңадан құрылатын Ұлттық оператор аймақтардағы сумен жабдықтау жүйелерін біртіндеп өз балансына алатынын айтты.