«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы – отставкадағы генерал-майор адал кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша алғаны үшін күдікке ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ол жоғары шендегі әскерилермен байланысын және ықпалды таныстарын алға тартып, кәсіпкерді әлеуметтік жобаларға инвестиция құюға үгіттеген. Инвестициялардан жоғары пайда түседі деп сендіріп, ақшалай қаражатты иемденіп кеткен. Агенттіктің мәліметінше, бұл қылмыс шетелдік серіктестер мен министрлік өкілдерінің атын жамылып жүзеге асырылған.
Қазір генерал-майор сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Агенттік оның өзге де қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде.