homepage
egemen.kz

Енді жетім балаларды арнайы оқытылған отбасылар тәрбиелейді

01.07.2025, 10:21

1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды интернатқа емес, арнайы дайындалған отбасыларға беру жүйесі енгізілді. Бұл — ата-анасыз қалған балаларды бірден үй жағдайына бейімдеуді көздейтін жаңа тәрбие форматы. Енді бала бірден отбасыға түседі, ол үшін кәсіби қабылдаушы ата-аналар алдын ала дайындықтан өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекеттің шешімі бойынша, мұндай отбасы бір мезгілде төрт балаға дейін қабылдай алады. Үміткерлер міндетті түрде арнайы оқытудан өтіп, құжаттары қамқоршылық органдарында тексеріледі. Бала тәрбиелегені үшін мұндай отбасыларға еңбекақы және балаға жұмсалатын жәрдемақы төленеді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа жүйенің артықшылығы — баланың интернатқа түсіп, күйзеліске ұшырамай, бірден мейірімге толы ортаға бейімделуі.

Айта кетейік, бұл — балаларды отбасына орналастырудың бесінші түрі. Бұған дейін асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы жүйесі болған.