Ақмола облысында теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызға соғылып, соның салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі Степногор-Заводской тасжолымен келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде үш цистернасы бар локомотивпен соқтығысқан. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Степногорск қаласының ауруханасына жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.