Мемлекет басшысының өкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның тергеу және жедел функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына берілетін болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл өзгеріс сыбайлас жемқорлық мәселелерімен күрестің оперативтік және тергеу бағытын ҰҚК-ға беру арқылы тиімділікті арттыруға бағытталған. Ал саясат қалыптастыру, алдын алу және мәдениетті қалыптастыру функциялары Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілмек.
“Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын” – делінген хабарламада.
Жарлыққа сәйкес, бір ай ішінде жаңа қызметтің ережесі мен штаттық құрылымы нақтыланып, ал 1 қыркүйекке дейін тиісті заң жобасы Үкімет тарапынан Мәжіліске енгізілетін болады. Аталған шара мемлекеттік басқаруды оңтайландыру және жемқорлықпен күрестің жүйелілігін арттыру мақсатында қабылданды.