Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері қатысқан кеңесте Қазақстанның ұстанымын таныстырды деп хабарлайы Juzmedia.kz.
Жиын Бішкекте өтті. Министр халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Қазақстан ұстанымын жеткізіп, ҰҚШҰ-ны дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.
Кездесуде терроризм мен радикалдануға қарсы күрес, ақпараттық қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы жағдай және БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік орталығы жөнінде бірлескен мәлімдемелер қабылданды.
Сапар аясында Мұрат Нұртілеу Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен өткен ҰҚШҰ министрлерінің ұжымдық кездесуіне де қатысты. Онда қазақ дипломаты екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.