Қазақстанда спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың саны 8,4 миллионға жетті. Бұл — халықтың 40 пайыздан астамы деп хабарлайды Juzmedia.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 24 пайызға артқан. Министрлік мұны саламатты өмір салтына деген қызығушылықтың артуымен және спорт инфрақұрылымының кеңеюімен байланыстырып отыр.
2021 жылдан бері мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлінетін қаражат екі еседен астам көбейіп, биыл 315 миллиард теңгеге жеткен. Бұл қаржы спорт нысандарын салуға, үйірмелер мен секцияларды қолдауға, бұқаралық іс-шаралар өткізуге және мамандар даярлауға бағытталады.
Ведомство дерегінше, мұндай қолдаудың арқасында елде бұқаралық спортпен бірге жоғары жетістіктер спорты да дамып келеді.