Дәстүрлі журналистиканың қазіргі ахуалына әлеуметтік желілердің дамуы айтарлықтай ықпал етті. Qazaqstan ұлттық арнасындағы “Apta” бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбектің айтуынша, ақпарат құралдары әлеуметтік желіге ілесе алмай қалған.
«Әлеуметтік желінің дамуына байланысты дәстүрлі ақпарат құралдары ілесе алмай қалып жатқан жері бар. Субъективті болса да пікір айтады, тез береді, тез ақпарат таратады. Осылай басқаша пікір айтылатынының арқасында дәстүрлі журналистикадан озып кететіні рас», – деді ол Дана Нұржігітке берген сұхбатында.
Журналистикада жиырма жылдан астам тәжірибесі бар Сламбек ұлының бұл салаға келгенін қаламайтынын да жасырмады.
«Мен ұлымның журналист болғанын қаламаймын. Материалдық жағдайдан қағылады. Оның үстіне баламның болмысын білемін. Әділет сүйгіш бала. Барлығы орнымен болғанын қалайды. Журналистиканың да журналистикасы да бар. Коммерция, пиар жағына барады деп ойламаймын. Ол да жанын жағып жібередей болып, жаңбырдың арасымен жүгіріп жүргенін қаламаймын», – деді журналист.