homepage
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Сәбіз, пияз және ет бағасы қымбаттап жатыр - сауда және интеграция министрлігі

30.06.2025, 11:22

Сәбіз, пияз және ет бағасы қымбаттап жатыр, ал жыл басынан бергі инфляция 6,1 пайызға жетті. Бұл дерек Үкімет отырысында жарияланды деп хабарлайды juzmedia.kz.

Сауда және интеграция министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, азық-түлік бағасы 6,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 3,6 пайызға, ақылы қызметтер – 7,8 пайызға өскен.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы орта есеппен 0,2 пайызға көтерілген. Картоп пен қырыққабат арзандағанымен, сәбіз 0,6 пайызға, пияз 0,8 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, тауық еті мен сиыр еті бағасының өсуі жалғасып жатыр.

Үкімет отырысында бағаны ұстап тұру мәселесі көтеріліп, вице-премьер өңір әкімдеріне сауда орындарында азық-түлік тапшылығына жол бермеуді және баға қозғалысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.