homepage
Фото: REUTERS / Nathan Howard

Илон Маск "апат" деп аталған Заң жобасын АҚШ Сенаты талқылауға өткізді

29.06.2025, 12:53

АҚШ Сенаты Дональд Трамп ұсынған “Big Beautiful Bill” деп аталған ауқымды заң жобасын талқылауға өткізуге дауыс берді. Ресми дауыс беру нәтижесі – 51 сенатор қолдап, 49-ы қарсы болды. Бұл туралы Juzmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта салық жеңілдіктерін ұзарту, әскери шығындарды арттыру және иммиграция тәртібін күшейту секілді бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған. Заң жобасының жалпы көлемі – 940 бет.

Сенаттың бұл шешімі заң жобасын толық талқылауға жол ашады. Алайда демократтар құжатқа түгелдей қарсы шықты. Олар бұл бастама бюджет тапшылығын одан әрі тереңдетеді деп есептейді.

Тәуелсіз сарапшылардың болжауынша, құжат қабылданса, АҚШ-тың ұлттық қарызы 4 триллион долларға дейін артуы мүмкін.

Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск заң жобасын қатаң сынға алды. Оның айтуынша, бұл құжат АҚШ-тың болашағына “айтарлықтай стратегиялық зиян келтіріп, миллиондаған жұмыс орнын жояды”.

“Мүлдем ақылға сыймайтын, қиратушы заң. Бұл – болашақ салаларын ауырлатқанымен қоймай, бұрынғы дәуір салаларына жәрдем беретін шешім,” – деп жазды Маск X парақшасында.