homepage
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық жасөспірімдер Балқан математикалық олимпиадасында топ жарды

29.06.2025, 12:13

Қазақстан құрамасы жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасында (JBMO) тарихи жетістікке қол жеткізді. Солтүстік Македонияда өткен халықаралық додада оқушыларымыз төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, командалық есепте 24 елдің ішінде екінші орын алды деп хабарлайды Juzmedia.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Алтын алғандар қатарында:

– Ануар Ағыбаев
– Александр Олейников
(екеуі де Алматыдағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушылары)

– Жәңгір Булат
– Батырхан Бейғанов
(екеуі де Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері)

Күміс – Ақтөбедегі «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Нұртай Мәлікке, қола – Қарағанды облысынан Мирас Кеңесбекке бұйырды.

Оқушыларды жарысқа Талдықорғандағы НЗМ мұғалімі Сергей Полянских пен «Дарын» орталығының әдіскері Перизат Саутбекова дайындаған.

16 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы бұл беделді олимпиадаға Қазақстан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Биылғы нәтиже – осы жылдар ішіндегі ең үздік көрсеткіш.