homepage
Фото: gov.kz

Қазақстанда экология жемқорлық қаупі жоғары салалардың бірі деп аталды

29.06.2025, 09:24

Қазақстандағы жемқорлық тәуекелі жоғары бағыттар ретінде экология, құрылыс және инфрақұрылым салалары аталды. Бұл туралы Ақтөбеде өткен өңірлік ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жиында өңірдің «жемқорлық тәуекелдерінің картасына» енген проблемалар талқыланды. Атап айтқанда, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар құрылысы, жол жөндеу және мемлекеттік сатып алу салаларына қатысты қауіптер көтерілді. Шалқар ауданындағы Шалқар көлінің қазіргі жағдайы да назарға алынды.

Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, өңірлік деңгейде жемқорлықтың алдын алуда облыс әкімдерінің жанындағы комиссиялар шешуші рөл атқарады. Олар кеңесші орган ғана емес, түрлі құрылымдардың ықпалдастығын қамтамасыз етуге тиіс.

Жиын қорытындысында әкімдікке жемқорлық қаупі жоғары бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдау ұсынылды.