homepage
Фото: gov.kz

Әскерге барғандар ҰБТ тапсырмай-ақ университетке түсе алады

28.06.2025, 17:22

Сенат әскери қызмет пен әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты заңнамаға енгізілген түзетулерді екі оқылымда қабылдады. Енді мерзімді әскери қызметін өтеген жастарға жаңа мүмкіндік беріледі: олар екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына ҰБТ мен емтихансыз, ақылы негізде түсе алады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңартылған заңда әскерге шақыру тәртібі де өзгерді – шақыру қағазы енді SMS немесе eGov арқылы электронды түрде жіберіледі.

Бұдан бөлек, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері біліктілікті әскери оқу орындарында немесе ЖОО жанындағы кафедраларда арттыруы міндеттеледі.

Сондай-ақ, әскери дайындықтан өткен жастарға әскери оқу орындарына түсу кезінде басымдық беріледі және олар бірден келісімшартпен әскери қызметке кіре алады.

Бұл өзгерістер жастар арасында әскери қызметке қызығушылықты арттырып, саладағы кәсібилікті күшейтуге бағытталған.